Жалпы жаңалықтар
-
ЖСДП Конституцияның жаңа жобасы бойынша ұстанымын жариялады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратында Конституцияның жаңа жобасын талқылауға арналған саяси кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Бурабай мектебінде асхана дауы: Директор қызметінен босатылды
Бурабай кентіндегі мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру барысында заңбұзушылықтар анықталды. Жеткізуші жалған мәлімет берген, ал қызметті рұқсатсыз үшінші тұлғалар атқарған. Прокуратура араласқаннан кейін шарт бұзылып, мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
«Таза Қазақстан» экологиялық рейді: Қарағанды облысында 4 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді
«Таза Қазақстан» экологиялық рейді барысында Қарағанды облысында 4 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Қазақстандықтар мансап орталықтарында қандай қызметтерді ала алады?
Қазақстанның қалалары мен аудандарында орналасқан 216 мансап орталығы еңбек делдалдығын ұйымдастырып, азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған қызметтер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Оқу-ағарту министрлігі Тараздағы баланы ұру оқиғасына қатысты пікір білдірді
Ананы мүмкіндігінше ата-аналық құқықтарынан айыруы мүмкін. Бұл туралы шешімді кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қабылдайды.
02.02.2026
-
Үндістан қазақстандықтарға 30 күнге визасыз режим енгізді
Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Иран АҚШ-пен ядролық келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранның АҚШ-пен ядролық келіссөздерге қатысты ұстанымы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Газа секторында Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 72 мыңға жуықтады
2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 71 795 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
02.02.2026
-
Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?
Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді. BAQ.KZ тілшісі құрылтайда көтерілген негізгі мәселелер мен Президент тапсырмаларына жан-жақты тоқталды.
02.02.2026
-
Тоқаевтың Пәкістанға сапары: Қазақстан мен Пәкістанды не байланыстырады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында трансафгандық теміржол жобасының маңызы күн тәртібіне шықты. Сарапшылар бұл бастама Қазақстанға Оңтүстік Азия мен Араб теңізіне шығатын жаңа көлік-логистикалық бағыт ашуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Бектенов ескертті: Жалған әрі бұрмаланған ақпараттарға жол берілмейді
Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
"Кеше ғана бала еді": Ата-аналар әскери бөлімдерді аралап көрді
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың бұйрығымен ұйымдастырылған бірыңғай Ашық есік күні аясында сарбаздардың 4000-нан астам туған-туысы әскери бөлімдерге жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Тараздағы кішкентай балаға күш көрсеткен әйел: Полиция тергеуді бастады
Әлеуметтік желілерде Тараз тұрғынының кішкентай ұлына қатыгездік көрсеткен бейнежазбасы тарады. Кадрларда әйелдің балаға физикалық күш көрсетіп, үлкен қызын да болып жатқан жағдайға қатыстыруға мәжбүрлегені көрінеді. Алғашқы ақпарат бойынша, оның іс-әрекеттері бұрынғы күйеуімен жанжал салдарынан жасалған болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Астанада ер адамның үстіне шатырдан қалың қар құлады
Астанада ер адамның үстіне шатырдан қалың қар құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Экс-судья Сайлыбаеваның өліміне қатысты тың ақпарат шықты
Германияда қатыгездікпен өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның ісі бойынша Ресейде тексеру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
TikTok-тан 5,5 млн теңге пайда тапқан "емші" сотталды
Астана тұрғыны TikTok-та өзін "емші" ретінде таныстырып, үш адамды алдап 5,5 млн теңгеден астам ақша алған. Қаражатты букмекерлік кеңселерде жұмсаған алаяқ 2 жыл 4 айға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша екі шетел азаматын іздеуге жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.02.2026
-
Жүз жылдық газеттер жойылып кетуі мүмкін: Өңірлік баспасөз архивін сақтау неге маңызды?
Қазақстан Республикасында медиа нарықтың трансформациялануы және өңірлердегі баспа басылымдарының жабылу үдерісі жағдайында өңірлік және аудандық газеттердің архивтік материалдарын сақтау мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Қазақстандық контенттің маңызды бөлігін құрайтын бұл басылымдардың бірқатарының тарихы жүз жылдан асады және олардың архивтері елдің тарихи, әлеуметтік және мәдени жадының бірегей дереккөзі болып табылады. Премьер-министр Олжас Бектеновке Парламент Сенатының депутаты Жексенбай Бибігүл өңірлік және аудандық баспасөздік мұрағатын сақтау мәселелері жөнінде сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Бастық пен есепші жазаланды: Түркістанда 500-ден астам жұмысшыға жалақы төленбеген
500-ден астам қызметкерге жалақы толық төленбегені анықталды
02.02.2026