Жалпы жаңалықтар
-
2026 жыл: Ипотека, автолизинг, несие мен депозит нарығында не өзгереді?
2026 жыл Қазақстандағы қаржы жүйесі үшін жай ғана кезекті кезең емес, таңдау мен есептің жылы болғалы тұр. Пайыздық мөлшерлемелер саясаты, халықтың борыш жүктемесіне қатысты талаптардың қатаюы және мемлекеттік бағдарламалардың қайта пішімделуі – ипотека алғысы келетіндерге де, депозит ашуды жоспарлағандарға да жаңа есеп жүргізуді талап ететіні сөзсіз. BAQ.KZ тілшісі нарықты зерделеп көрді.
06.01.2026
-
Үш өңірде жол қозғалысы шектелді
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Астанада рейстер кешігіп жатыр: 5 бағытта ұшып шығу кейінге шегерілді
Астана халықаралық әуежайында 5 рейс кешіктірілді. Келу бағытында да кідірістер бар. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
ҰБТ 2027 жылы қалай өзгереді? – министрлік түсіндірді
Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрайымы Гүлжан Жарасова Үкіметтегі брифингте ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
80 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел ұсталды
Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Дәулеталин: Экономикалық өсім халықтың қалтасынан көрінуі тиіс
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты” атты бағдарламалық сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Іздеуде жүрген 1600-ге жуық қылмыскер ұсталды
2025 жылы халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде дамыды. Қазақстан аумағынан тыс жерлерде соттан бой тасалап жүрген 156 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
Зейнеткерлерге бюджеттен қанша теңге жұмсалатыны белгілі болды
2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджет шығыстары 15,1%-ға өсті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
AI-дәрігер: Күн сайын 40 миллион адам ChatGPT-ден денсаулық туралы сұрайды
Бүгінгі таңда адамдар денсаулық мәселелері бойынша кеңес алу үшін жасанды интеллектке жүгінуді әдетке айналдыруда. ChatGPT платформасы күн сайын 40 миллионнан астам қолданушының сұрақтарына жауап беріп, виртуалды дәрігер қызметін атқаруда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
“Үлкен өзгерістер жылы”: Сарапшы Тоқаев cұхбатын талдады
PhD, қауымдастырылған профессор, Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беруі соңғы жылдары саяси күн тәртібінің тұрақты элементіне айналғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Венесуэладан кейін кімдер кезекте? Трамп көз тіккен бес ел
АҚШ-та Дональд Трамп президенттігінің екінші мерзімі оның сыртқы саясаттағы қатаң әрі агрессивті ұстанымымен ерекшеленіп отыр. Венесуэладағы түнгі операциядан кейін Трамп Вашингтон ықпалындағы бірқатар елге ашық ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
06.01.2026
-
Халықтың 99 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылмақ
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның толыққанды цифрлық елге айналуы үшін барлық негізгі бағыттар қамтылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
"Отбасы банк" ипотекалық төлем мерзімін 7 қаңтарға дейін ұзартты
Бірнеше күнге созылған техникалық ақауларға байланысты "Отбасы банк" ипотекалық қарызы бар клиенттер үшін төлем жасау мерзімін кейінге қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Қаңтардан бастап кімнің мобильді аударымы тексеріледі
2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа бақылау шаралары күшіне енді. Банк картасына үш ай ішінде 100-ден аса адам ақша аударса немесе жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса, бұл операциялар кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Коммуналдық төлемдер: Жыл ортасынан кейін баға қандай болады?
2025 жылдың соңында Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері орта есеппен 10,99%-ға өскені белгілі. Бұл өсім алдымен инфрақұрылымдық шығындардың артуымен, энергия ресурстарының әлемдік бағасының өзгеруімен және операциялық шығындардың өсуімен байланысты болды. Осы жағдай қоғамда 2026 жылы тарифтердің тағы да қымбаттай ма деген сұрақ тудырады. BAQ.KZ тілшісі биыл қандай өзгерістер болатыны туралы зерттеп көрді.
06.01.2026
-
17 жастағы қазақстандық талант әлемдік рейтингте алдыңғы орынға шықты
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы ITF юниорлар рейтингінде 12-орынға көтерілді. Бұл туралы ITF баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Қазақстанда "әдемі" нөмірлер алу тәртібі өзгереді
Қазақстандықтар сұранысы жоғары "әдемі" мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатып алуға шамамен 11 мың өтініш берген. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз конференциясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Қырғызстанда жер сілкінді
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 6 қаңтар күні ел аумағында магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Қазақстан көшелеріне жүргізушісіз такси шығады
Биыл Қазақстанда жүргізушісіз таксиді іске қосу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.01.2026
-
Зейнетақы жинағын "тіс емдеуге" шығарған адамдарға не болады?
Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-дан азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026