Жалпы жаңалықтар
-
Қызмет үстінде қаза: Ақтауда әскери қызметкерді КамАЗ қағып өлтірді
Ақтауда әскери полигоннан қайтып келе жатқан бөлімше құрамындағы келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметкерді қызметтік КамАЗ қағып өлтірді. Қайғылы оқиға 14 қаңтарда қолайсыз ауа райы жағдайында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Бір құбырға байланған экономика: КТК неге Қазақстанның әлсіз тұсын ашты?
Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі экспортқа бір ғана бағытпен шығып отыр. Сол бағыт – Каспий құбыр консорциумы. Соңғы уақытта аталған құбыр маңында болған шабуылдар мен үзілістер Қазақстан экономикасының әлсіз тұсын айқын көрсетті. Бұл – тек техникалық тәуекел емес, стратегиялық мәселе, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.01.2026
-
Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойынына қазақтың көкпары енді
Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ресми бағдарламасына қазақтың көкпары енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Мобильді аударымдар: Банктер салық органдарына қазақстандықтар туралы есеп бере бастайды
Сәуір айынан бастап екінші деңгейлі банктер мобильді аударымдар бойынша белгіленген критерийлерге сәйкес мәліметтерді салық органдарына ұсына бастайды. Жаңа тәртіпке сәйкес, үш ай қатарынан 100-ден астам жіберушіден 1 млн теңгеден көп қаржы түскен азаматтар салықтық бақылауға ілінуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.01.2026
-
Тұтынушылық несие азайды, 56 мың адамның қарызы кешірілді – Тоқаевқа есеп берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Заңдар, реформалар мен шешімдер: Бурабайдағы құрылтайдан кейін қандай өзгерістер болды?
Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, Үкімет пен мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Құрылтайдан кейін бұл міндеттердің бір бөлігі бойынша нақты шешімдер қабылданып, іске асырыла бастады.
15.01.2026
-
Дәмді әрі арзан: Демалыс күндері Астанада фермерлік жәрмеңке өтеді
17-18 қаңтар күндері Астана қаласында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жергілікті фермерлердің ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек және өзге де өнімдері тұрғындарға тиімді бағамен ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Қарағандыда -30 градус аязда оқушы су толы ашық құдыққа құлады
Қарағандыда қатты аязда оқушы су толы ашық құдыққа құлаған. Бұл туралы баланың әпкесі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.01.2026
-
Ұлттық құрылтайдың әр отырысы нақты нәтиже беріп келеді – Бибігүл Жексенбай
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Ұлттық құрылтайдың жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.01.2026
-
Президент: Этносаралық келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың басты бағыты
Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
15.01.2026
-
Астанада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтеді
2026 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті, бесінші отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
-30 градус аяз, тұман мен көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16, 17 және 18 қаңтарға арналған Астана мен Алматы қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Елордада -30 градусқа дейін аяз күтілсе, Алматыда қар, тұман және көктайғақ сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Бас мүфти: ҚМДБ ислам қаржысы секторы ашылады
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Казино, есірткі, БАД-тар: Сенатор жарнамаға тыйым салуды ұсынды
Сенатор Геннадий Шиповских депутаттық сауалында әлеуметтік желілерде агрессивті сипаттағы жарнаманың жылдан жылға күшейіп бара жатқанын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.01.2026
-
Қазақстанда жүргізушілердің мас күйін тексеру ережесі өзгеруі мүмкін
Сенатор Жанна Асанова депутаттық сауалында алкогольге, есірткіге немесе уытқұмарлыққа байланысты мас күйде болған адамдарды медициналық куәландыру жүйесінде қордаланған мәселелерге назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.01.2026
-
Павлодар облысындағы өрт: Төрт бала эвакуацияланып, екеуі қайтыс болды
Павлодар облысында жекеменшік тұрғын үйдегі өрт кезінде екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
15.01.2026
-
2026 жылдан бастап салық қалай төленеді: Кімге не өзгерді?
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгенін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.01.2026
-
Сенатор: Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды
Сенатор Бибигүл Жексенбай депутаттық сауалында аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау мәселесінің қаншалықты өзекті екенін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.01.2026
-
Әдемі нөмірге өтініш: eGov жүргізушілерге үндеу жасады
Қазақстанның электронды үкіметінің баспасөз қызметі онлайн түрде мемлекеттік нөмір сатып алу кезінде “өтпей қалған” өтінімдер мәселесін қалай шешуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Оқушыларға құқықтық жауапкершілік қалай түсіндірілуде?
Қазақстанда 8 қаңтардан бастап «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде.
15.01.2026