Жалпы жаңалықтар
-
Brent мұнайы 72 долларға дейін көтерілуі мүмкін: Нарықта не болып жатыр?
Мұнай нарығында баға құбылып тұрғанымен, негізгі тренд өзгерген жоқ. Алайда Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістер күшейсе, Brent маркалы мұнай бағасы 72 доллар деңгейіне дейін көтерілуі мүмкін деген болжам айтылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды
Республикалық заң консультанттары алқасының және Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынысына қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді
Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде айқындап, нарық үшін бірыңғай ережелерді енгізеді, мамандардың біліктілік талаптарын нақтылап, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Депутат Ұлттық валютаны Конституцияда нақты бекітуді ұсынды
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Ұлттық валюта мәртебесін Конституция деңгейінде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Қарин 1995 жылы қабылданған Конституциядағы калькаларды атады
Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қолданыстағы Ата Заңның қазақшасындағы калька ұғымдарды атап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды
Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Бесқопа ауылында зорлау дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
05.02.2026
-
Конституция алғаш рет қазақша жазылып жатыр – Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституция Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Президент сынынан кейін Шымкент полициясына жаңа басшы келді
Шымкентте соңғы кезде болған қанды оқиғалардан кейін Мемлекет басшысы министрлікке қатаң сын айтқан еді. Одан кейін қаладағы полиция жұмысына жан-жақты қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде қалалық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалып, бірқатар жетекші қызметкерлер қызметтен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
"Рөлде отырған жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған": Алматыда бірнеше көлік соқтығысты
Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Шешуші ұғым көрсетілмей қалған: Сарапшы заң нормасын қайта қарауды ұсынды
Конституциялық комиссияның кезекті VІІІ отырысы өтіп жатыр. Онда Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Конституцияның 18-бабын заң техникасы тұрғысынан қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
Активтерді қайтару жөніндегі қызметтің бастығы тағайындалды
Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.02.2026
-
Енді алимент төлеуден жалтарған такси жүргізушілері ұсталады
Алматы қаласында алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген азаматтарды анықтауға бағытталған жаңа тетік іске қосылмақ. Бұл ретте Алматы қаласының прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
AI-Sana: Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін ЖИ-агент іске қосылды
AI-Sana аясында оқушыларға кәсіптік бағдар беретін ЖИ агент іске қосылды
05.02.2026
-
Қысқы Олимпиада: Бөлінген миллиардтар жүлдеге жеткізе ме?
6 ақпан күні Италияда Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Аталған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 10 спорт түрінен 36 спортшымен медаль үшін бақ сынайды. Бұған дейін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиадаға дайындық жұмыстарына мемлекет тарапынан 13,3 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеген болатын. Осыған байланысты BAQ.KZ тілшісі экономистер мен спорт сарапшыларынан аталған қаржының тиімділігі мен күтілетін нәтижелер жайлы пікір сұрады.
05.02.2026
-
Электронды төлемдерде биометрияны қолдану: Ұлттық банк ережелерді жаңартуда
Қазақстан Ұлттық Банкі электрондық банк және төлем қызметтерін көрсету ережелерін өзгертетін шешім жобасын әзірледі.
05.02.2026
-
Жер бетінде магниттік дауыл басталды
Батыс жартышардың түнгі аймағында қазірдің өзінде айқын полярлық шұғыла байқалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.02.2026
-
"Қандас" құжатымен алдаған шетелдік бюджет ақшасына пәтер сатып алған
Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу жөнінде сотқа дейінгі өндірісті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.02.2026
-
50 жастан зейнетке шығып, өмір бойы қалай зейнетақы алуға болады?
Кейбір қазақстандықтар 50 жастан бастап әрі өмір бойына зейнетақы ала алады
05.02.2026
-
Астанада ата-аналарға арналған Педагогикалық қолдау орталығы ашылды
Астана қаласы әкімдігі №112 жалпы орта білім беретін Келешек мектепте ата-аналарға арналған «Педагогикалық қолдау орталығы» кабинеті ашылды. Жаңа орталықтың негізгі мақсаты – ата-ана, бала және мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтып, оқушылар мен олардың отбасыларына психологиялық қолдау көрсету, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.02.2026
-
Пәкістандық БАҚ Тоқаевтың көшбасшылығы мен дипломатиялық стилін жоғары бағалады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбаты. Мемлекет басшысы Трамп саясатына жоғары баға беріп, халықаралық қатынастарда реалистік тәсілге жүгінуге шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.02.2026