Жалпы жаңалықтар
-
Лиссабонда "Глория" фуникулері рельстен шығып кетті
Лиссабонның орталығында апат болды: туристер көп мінетін "Глория" фуникулері рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
04.09.2025
-
Жұмысшы мамандық жылы: колледж студенттеріне жаңа оқу кабинеті пайдалануға берілді
Атырауда С. Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледжде студенттердің білімін тәжірибемен ұштастыруға арналған жаңа заманауи оқу кабинеті ашылды. Бұл бастама "Жұмысшы мамандық жылы" аясында жүзеге асып, болашақ мамандардың кәсіби даярлығын күшейтуге бағытталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
04.09.2025
-
Алматы облысы тұрғындарының басты 5 қиындығы – шешім қандай?
Алматы облысының халқы 1,5 миллионнан асады, өңір Алматымен тығыз байланыста, агломерацияның негізгі бөлігін құрайды. Облысты 2022 жылдан бері Марат Сұлтанғазиев басқарады. Мұнда көлік-логистика, су-энергетика, тау бөктеріндегі табиғи қауіптер мен экология, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым – ең өзекті тақырыптар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
04.09.2025
-
Әлем чемпионаты: Қазақстан боксшыларының қарсыласы белгілі болды
Бокстан әлем чемпионатындағы Қазақстан боксшыларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.09.2025
-
Шартты жаза: Жамбыл облысында фельдшерді атқан азамат сотталды
Жамбыл облысында жедел жәрдем фельдшерінің өміріне қастандық жасаған азамат сотталды. Дәрігердің кеудесіне оқ атқаны үшін ол шартты түрде үш жарым жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.09.2025
-
Қарағанды әлемдегі ауасы ең ластанған қалалардың үштігіне кірді
Ауа сапасы ең нашар, PM2,5 бөлшектерімен ең ластанған елдердің ішінде Қазақстан 2024 жылы 138 елдің ішінде 71-ші орынды иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.09.2025
-
Трамп Зеленскиймен 4 қыркүйекте телефон арқылы сөйлеседі
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі, 4 қыркүйекте, Украина көшбасшысының Парижге сапары барысында Украина президенті Владимир Зеленскиймен және "қалаулылар коалициясы" өкілдерімен телефон арқылы сөйлеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.09.2025
-
Алматыда электроскутер мінген 17 жастағы екі қызды автобус қағып кетті
Алматыда жолаушылар автобусы электроскутер мінген екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.09.2025
-
Сайрам-Өгем ұлттық саябағында екі ер адам із-түзсіз жоғалып кетті – БАҚ
Құтқарушылар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Сайрам шыңына шығуға кеткен екі ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
04.09.2025
-
Қазақстан мен АҚШ инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуршид Чокси бастаған АҚШ-тың сауда миссиясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.09.2025
-
Қостанай облысында дала өртеніп, қатты жел өрт сөндіруге кедергі келтірді
ТЖМ Командалық орталығының жедел штабында ғарыштық мониторинг барысында Жангелдин ауданының Милысай ауылы мен Қамысты ауданының Бестау ауылы арасындағы ашық аумақта құрғақ шөптің жануы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.09.2025
-
Астанада Арыс көпірі екі аптаға ішінара жабылады
Астанада Арыс көпірі (М3) бойынша деформациялық тігісті жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.09.2025
-
Антикордың Шымкенттегі департамент басшысы қызметінен кетті
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкенттегі департамент басшысы Қанат Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.09.2025
-
Сот отырысынан жалтарған: Шымкентте іздеу жарияланған экс-депутат қолға түсті
Шымкентте іздеу жарияланған экс-депутат көп ұзамай табылды. Қалалық Полиция департаменті істің анық-қанығын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.09.2025
-
156 тонна күнбағыс майы Қазақстаннан Қытайға флекстанк арқылы жөнелтілді
156 тонна көлеміндегі алғашқы күнбағыс майы партиясы Шығыс Қазақстан облысынан Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Нантонг қаласына 40 футтық контейнерлердегі флекстанк арқылы жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.09.2025
-
Ертең кейбір өңірде бұршақ түсіп, үсік жүруі мүмкін – Қазгидромет
Бейсенбі, 2025 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстанның кейбір өңірінде найзағай ойнап, кей тұста нөсер жаңбыр жауатыны, сондай-ақ бұршақ түсіп, үсік жүретіні, жел қатты екпін алатыны болжанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.09.2025
-
Музыка мен жүрек үндестігі: Латын Америкасында Димашқа арналған флешмоб басталды
Латын Америкасы елдерінде Димаш Құдайбергенге арналған "Dimash in Latin America" жобасы басталды. Жанкүйерлер мәдени флешмоб ұйымдастырып, Қазақстан мен Латын Америкасы арасындағы мәдени көпір орнатуды көздейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.09.2025
-
Ұлттық ұлан сарбазы Мұхтар Ербаян Түркияда емделеді
Ұлттық ұланның бұрынғы сарбазы Мұхтар Ербаян ауыр жарақаттан кейін Түркияда ем қабылдайды. Стамбулдағы Medipol Global клиникасында оған нейромодуляторлық терапия жасалмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.09.2025
-
Қансырап жатқан жігітті құтқарған полицейлер көпшіліктің алғысына бөленді
Ақмола облысында полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған ер адамның өмірін құтқарып қалды. Тәртіп сақшылары алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемге жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
03.09.2025
-
Қазақстанда жаңа заң үлескерлердің алданып қалуына жол бермейді
Президент қол қойған жаңа заң үлескерлерді қорғауды күшейтуді және құрылыс саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуді көздейді.
03.09.2025