Пәкістан мен Үндістан шекарасында атыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан мен Үндістан шекарасында тағы да атыс болды.

Үндістан мен Пәкістан шекарасында, Кашмирде екі елдің сарбаздары тағы да атысты, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Нью-Делидегі үкімет өкілі атыс салдарының ауыр болғанын айтты. Мәліметке сәйкес, бір үнді сарбазы қаза тапқан. Ал Исламабад жақ бұл оқиға жайлы ешқандай пікір білдірмеген.

Атап өтсек, қазір екі елдің арасындағы қақтығыс, жалпы қарым-қатынас халықаралық деңгейде талқыланып жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы