30 Қазан 2026, 21:03
Фото: polisia.kz
Өзін-өзі өртеп жіберді: Семейде ер адам қайтыс болды
Семейде ер адам өзін-өзі өртеу салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты BAQ.KZ сауалына жауап жолдады.
30 қазан күні сағат 17:00 шамасында Семей қаласында ер адам өзін-өзі өртеді деген болжаммен қайтыс болды. Оның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ПД өкілдері.
Куәгерлер оқиға облыстың сот ғимаратының алдында болғанын жазуда.