"Өзі жыныңды келтірген шығар". Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қызметтік тергеудің аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-2 бабының талаптарын бұзғаны үшін Астана қаласы "Есіл" ауданы Полиция департаментінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2023 жылдың қарашасында Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде полицейлердің бірі қаза болған Салтанат Нүкенованы меңзеп "өзі жыныңды келтірген шығар" деп айтқан болатын. Бұдан бөлек Бишімбаевқа далада темекі шегуге рұқсат етті.
Жасаған қылмысы дәлелденген Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
27 мамырға арналған валюта бағамы
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы