Өзі түк білмейді, жанына білмейтіндерді жинап алған. Маликова Экология министрі туралы
Министр өзі білмейді, жанына да білмейтіндерді жинап алған. Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Маликова Абай облысындағы өрт біраз мәселенің бетін ашқанын айтып, қазіргі Экология министрлігінің жайы туралы пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Министр өзі экологияны білмесе де, тәжірибесі болмаса да, үш бірдей вице-министрді жұмыстан шығарып жіберген. Олар бұл салада 10 жыл жұмыс істеп жүрген. Қазіргі таңда министр өзі білмейді онымен қоса жанына саланы білмейтіндерді жинап алған. Сондықтан экология министрлігінде жұмыс істейтін адам жоқ, – деді Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы.
Сонымен қатар Маликова Экология министрлігінен орман шаруашалығын бөлу алу керек деген ұсынысқа қатысты ойын айтты.
Мұндай ұсынысты Үкімет 2014 жылы іске асырды. Бұл әрекет деградацияға әкелді. Сол себепті бір жасаған қателігімізді қайталаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Керісінше, орман шаруашылығы климаттың өзгеруімен тығыз байланысты. Сондықтан осы бағытта интеграция жүргізуіміз керек және кадрлық саясатты бір ізге түсіруіміз керек. Сондай-ақ қаржыландыру механизмдерін жетілдіру жұмыстары тағы бар, – деді Лаура Маликова.