"Өзі кетсе де өзгені құтқарды": Екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды
Ұлттық ғылыми онкология орталығында екі науқасқа мәйіт донорынан бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүйрек алған пациенттердің бірі - Жолдыбай Ұлдана, донорды 5 жыл күтсе, екінші науқас - Камаева Гүлбағира, 1,5 жыл кезекте тұрған.
Қазіргі таңда екі пациенттің де жағдайы тұрақты, трансплантацияланған бүйректердің функциясы қанағаттанарлық. Науқастар дер кезінде табылған донордың арқасында жаңа өмір сапасына қадам басуда. Баға жетпес сый үшін шын жүректен алғыстарын білдіруде, - деп хабарлады Ұлттық ғылыми онкология орталығының баспасөз қызметі.
Аталған медициналық орталық трансплантология саласындағы жоғары технологиялық көмекті дамыту арқылы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге өмір сүру мүмкіндігін арттыруды жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналықтар күн сайын 1200 тонна қоқыс тастайды
Өзгелердің жаңалығы