Қожамжаров: Зәбір көрген жасөспірімдерге өтемақы төленеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдан бастап зорлық-зомбылық құрбаны болған азаматтарға бір жолғы өтемақы төленеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында мәлім етті.
Бас прокурордың айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес, қылмыс құрбандарын материалдық қорғаудың жаңа тетіктері енгізіліп, зардап шеккендерге өтемақы төлеу қоры құрылған.
«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыс жасаған тұлғалардың мәжбүрлі төлем аударуы есебінен оны толтыру басталды. Қазір таңда 300 млн теңге өндірілді. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап, зардап шеккен жасөспірімдер, азаптау, адам саудасы және зорлық-зомбылық әрекеттердің құрбаны болғандар бір жолғы өтемақы алады», - деді Қожамжаров.
Осы орайда ол залалды өтеу мәселесі барлық уақытта да прокурорлардың тыңғылықты назарында болғанын атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін шетелде қазақстандықтардың 100 млн доллары бұғатталғанын жазғанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда жылы орындықтар пайда болды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы