Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін кешеннің күмбезі, мазары, қазақ хандарының кеңес құрып, елшілерді қабылдаған ордасы мен өзге де бөлмелері жаңартылады.

Қазір Әзірет-Сұлтан музей-қорығының бар аумағында кешенді жаңарту жұмыстары атқарылып жатыр. Бірден 18 нысанды қайтадан қалпына келтіру қолға алынған. Олардың ішінде Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, Хан ордасы, Күлтөбе қалашығы және Хан мешіті сияқты тарихи құнды нысандар бар. Бұдан бөлек Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына жеміс-жидек көшеттері отырғызылып, көшпенділер салтын бейнелейтін этно-ауыл тұрғызылады. Ал, Күлтөбе қалашығы орнында тарихшылар аспан астындағы музей ұйымдастыруды көздеп отыр 

Қайта жаңарту мекемесі болғаннан кейін құндылықты ою-өрнегі болсын, хәм кірпіші болсын, террокот кірпіші болсын қалпына келтіріліп, жаңартылып жасалынады. Жерасты қылует мешіттері, олардың ұсқындары бар, кіреберісі, қақпалары, Жұма мешітінің ішіндегі мехраб, олардың ою-өрнектері, толыққанды жұмыс жүріп жатыр. Әрине, бұл жерде ЮНЕСКО-ның да талабы бар өзінің бақылауға алатын. Сол шеңберден шығып кетпейтіндей етіп келіссөздер жүргізіліп жатыр, - дейді "Қазреставрация" РММ өкілі Нұрлан Бекбергенов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы