Өзгенің атынан несие рәсімдеген шымкенттік әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біреудің атынан несие алған Шымкент тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

2021 жылдың 12 шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел ұялы телефон алуға онлайн несие рәсімдеп беретіндігін айтып, сеніміне кіріп, өзіне айтпай, атынан 250 000 теңге несие рәсімдеп, ақшалай қаражатын иемденіп алғандығын көрсетті. 

Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған әйелдің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы