Өзгелердің атынан несие алып келген семейлік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының тұрғыны Қазақстанның басқа өңірлеріндегі азаматтардың атына онлайн несие алып келген.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алаяқ танымал интернет сайттарының бірі арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының 38 жастағы тұрғынының жеке деректерін пайдаланып несие алған. Цифрлық техника дүкенінде тауарды несиеге ресімдеген ол жәбірленушіге 200 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірді.
Осы қылмыстық схеманы пайдаланған семейлік Петропавл қаласында тұратын 41 жастағы азаматтың атына 1 млн теңге несие ресімдеді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Оның ғаламтор арқылы жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Тұрақты жұмыс орны жоқ ер адам бұрын сотталмаған. Жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындады. Істің барлық мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағына (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы