«Өзенмұнайгаз» қызметінде 160 заң бұзу дерегі анықталды

Жаңаөзен қаласында ҚМГ арнайы жұмыс тобы тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта 55 шаруашылық қызмет нысаны, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың (ӨМГ) 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі, 8 мұнай сервис ұйымы мен 30 басқа да мердігер ұйымның қызметі талданды. 

ӨМГ-нің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде алдын ала 160 бұзушылық пен сәйкессіздік анықталды, оның ішінде: 

— 7 факті ҚР заңнамасына сай шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді; 

— 10 факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр; 

— 101 факті бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатын болады. 

Құқық бұзушылық фактілерінің салдарынан келтірілген шығын сомасы процессуалды және регламенттеуші іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталады.

Біз құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істеп, заңға қайшы анықталған әрекеттер жайлы дер кезінде хабарлап отырмыз. Бұдан әрі олар тергеу жүргізіп, өзге іс-шараларды қолға алады. Солардың біріне кеше Экономикалық тергеу департаментінің «Өзенмұнайгаз» бас директорының орынбасарын ұстау фактісі де жатады. Комиссияның жұмысы әлі аяқталмады, көптеген факт бойынша қызметтік тергеулер жүріп жатыр, — деді арнайы жұмыс тобының жетекшісі, ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚМГ көшпелі жұмыс тобының Жаңаөзендегі қызметіне арналған ресми арна
Өзгелердің жаңалығы