Өзенге секіріп қашпақ болған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен қашуға тырысып, өзенге секірген шенеунікке айыппұл салынды.

2020 жылдың 6 тамызында Алматы облысы Текелі қалалық сотының үкімімен Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.С. Норқұловқа 15 миллион теңге айыппұл салынды. Ол Жамбыл облысындағы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жер учаскесін беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған деп күдікке ілінді, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Текелі қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқаруға тыйым салынады.

Агенттік қызметкерлерінің айтуынша, Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Өнербаев. 22 тамыз күні Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Норқұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енеді.

Айта кетейік, шілде айында Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болып, өзенге секіріп, жүзіп өтпек болған. Сонымен бірге, ол өзенге ағып кете жаздаған. Алайда, ол оқиға орнында ұсталған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы