Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан үкіметінде аграрлық салаға жетекшілік ететін вице-премьер Уктам Барноев КВИ салдарынан болған асқынудан көз жұмды.
Бұл туралы мемлекеттің министрлер кабинетіне қарасты жедел штабы жексенбі күні хабарлады, деп жазды РИА Новости.
Республикада алғаш рет COVID-19 жұқтыру жағдайы 15 наурызда тіркелген болатын. Тіркелген науқастар саны 51 235-ке жетті. Оның 429-ы қайтыс болды. 47 271 жазылып шықты. Тамызда науқастанғандар саны тәулігіне 600-700-ден 200-300-ге дейін азайды. Алайда, қыркүйекте бұл көрсеткіш қайта көтерілді.
Уктам Исаевич Барноев коронавирус салдарынан болған асқынудан 56 жасында көз жұмды, - деп мәлімдеді жедел штаб өкілі.
Барноев Өзбекстанның вице-министрі лауазымына осы жылдың ақпан айында тағайындалған еді. Бұған дейін ол Бұхар облысын басқарған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы