Өзбекстанның ұлттық туының түстеріндегі көйлек үшін модельге айыппұл салынды

Ташкентте сот халықаралық сұлулық байқауында ел намысын қорғаған 21 жастағы модельді Өзбекстанның ұлттық туының түстерінде тігілген көйлекпен сахнаға шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шешімді Мирабад аудандық қылмыстық істер жөніндегі сот шығарды. Талқылауға Манилада өткен халықаралық байқауда модельдің Өзбекстанның мемлекеттік рәміздеріне ишара жасайтын образбен сахнаға шығуы себеп болған. Байқаудағы образдың фотосуреттері Instagram желісінде жарияланып, кейін сотқа жүгінуге негіз болды.

Сот отырысында қыз бұл костюмнің тудың дәл көшірмесі емес екенін айтты: онда жарты ай мен 12 жұлдыз болмаған, тек түстер гаммасы ғана қолданылған. Оның сөзінше, образ ұлттық символикадан шабыт алып, көркемдік мақсатта ойластырылған.

Алайда талапкер қолданыстағы заңнама мемлекеттік рәміздерді және олардың элементтерін, ұсыну формасы мен авторлық ниетіне қарамастан, киім ретінде пайдалануға тыйым салатынын алға тартты.

Сот осы уәжбен келісіп, модельді Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 203-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған екі базалық есептік мөлшерде айыппұл — 824 мың сум (шамамен 35 мың теңге) салынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы