«Өзбекстанның тәжірибесін неге қарамайсыздар?». Үкімет басшысы балық шаруашылығы туралы айтты
Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Экология, геология және табиғи ресурстар министрінен балық шаруашылығы неге дамымай отырғанын сұрады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Көршілес Өзбекстанды қарасақ, оларда су көздері бізден қарағанда аз сонымен бірге балық шаруашылығы дамыған. Бірнеше есе көп балық өндіреді. Өзбекстанның тәжірибесін неге қарамайсыздар? Бізге не кедергі? - деп сұрады Премьер-министр.
Серікқали Брекешевтің айтуына қарағанда, Өзбекстанның балық шаруашылығына қолайлы климаты бар.
Расында біз Өзбекстанда балық шаруашылығының қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Біздің министрліктің мамандары отандық бизнес өкілдерімен бірлесіп бұл тәжірибені зерттеп, былтыр Өзбекстанға барып келді. Олардың айырмашылғы қолайлы табиғи климаттық жағдайы. Олар балықты жыл бойы өсіруге мүмкіндігі бар. Жәнеде біз сияқты табиғи су айдындарынан балық ауламайды , - деп жауап берді Экология министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Тәжікстан СІМ-аралық консультацияларды өткізді
Өзгелердің жаңалығы