Өзбекстанның мемлекеттік қарызы екі жылда екі есеге өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 23,3 млрд долларды немесе елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 40,4%-ын құрады, деп хабарлады fergana.agency.
Оның 21,1 млрд доллары - мемлекеттік сыртқы қарыз. Соңғы екі жылда ол екі есе өсті. Мемлекеттік ішкі қарыз 2,2 млрд долларды құрады.
Соңғы жылдардағы өсімге қарамастан халықаралық нормаларға сәйкес, Өзбекстанның мемлекеттік қарызы (ЖІӨ-ге қатысты 40,4%), оның ішінде мемлекеттік сыртқы қарыз (ЖІӨ-ге қатысты 36,5%) орташа деңгейде сақталды, - делінген хабарламада.
Республиканың 2021 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы Заңына сәйкес Өзбекстан атынан және оның кепілдігімен тартылған мемлекеттік қарыз сомасы ЖІӨ көрсеткіштерінің жылдық болжамдарына қатысты 60%-дан аспауы керек. Бұл деңгей қауіпсіз деп саналады.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан ең алдымен Азия Даму банкіне - 5 млрд доллар қарыз, одан кейін Дүниежүзілік банкке 3,7 млрд доллар қарыз, Қытай мемлекеттік даму банкі, Қытай Эксимбанкі және Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі Өзбекстанға 2 млрд доллар қарыз берген.
Мемлекеттік сыртқы қарыздың 17,5%-ы немесе 3,7 млрд доллары мемлекеттік бюджетті қолдауға жұмсалды. 2,9 млрд доллар (13,7%) электр энергетикасы саласына, 2,6 млрд доллар (12,4%) - энергетика саласына (мұнай және газ), 2,4 млрд доллар - көлік және тиісті инфрақұрылымға, 2,3 млрд доллар - ТКШ-ға, 2,2 доллар - ауыл шаруашылығына бағытталды.
Республиканың сыртқы қарыз алуының 70%-ы долларға, 11,3%-ы жапон иеніне, 9,5%- ы SDR-ге (арнайы борыштық құқықтар), 5,1%-ы еуроға және 4,1%-ы басқа валюталарға тиесілі.