Өзбекстаннан әкелінген шабдалыдан жеміс жемірі анықталды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының инспекторлары Өзбекстаннан әкелінген шабдалы партиясынан карантиндік зиянкес – шығыс жеміс жемірін (Grapholita molesta Busck) анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Орталық кедендік ресімдеу пунктінде карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде салмағы 2,58 тонна жаңа піскен шабдалы партиясы тексерілді. Партия Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Янгиюль ауданынан автомобиль көлігімен жеткізілген болатын. Жеміс үлгілері іріктеліп, Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасына жіберілді, - делінген ведомство хабарламасында.

Сараптама шығыс жеміс жемірі барын растады.

Карантиндік нысанның таралуына жол бермеу мақсатында залалданған өнімдерді оқшаулау және жою шаралары дер кезінде жүргізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өзгелердің жаңалығы