Өзбекстанмен шекарадағы Бағыс ауылының мәселесі шешілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде айтты.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы Бағыс ауылының тұрғындары аумақ автоматтандырылған жер кадастрына тіркелмегендіктен баспаналарын заңдастыра алмай жүргендері туралы бірнеше рет мәселе көтерген еді. 

Бұл өте күрделі мәсле болатын. Биыл ол мәселе шешілді. Екі мемлекеттің арасындағы шекараны анықтауда бірнеше процес болады. Делимитация, демаркация процедуралары жүзеге асырылады. Соның делимитациясы өтті, екіншісі әлі толық аяқталған жоқ. Осыған қарамастан биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет, Сыртқы істер министрлігі, облыстық, аудандық әкімдік бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарды. Соның нәтижесінде 740 гектар жер облыс аумағына қосылды. Ол алдымен үкіметтік деңгейде шешіліп, екі мемлекет арасында келісімдер жүргізілді. Үкімет қаулысы шығып, жер алдымен облысқа, облыстан ауданға өтті. Аудан жерді пайдаланудың тәртібін енгізеді. Қазір сол жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл - ауылдағы барлық тұрғынның мәселесі шешіліп, жерлерін заңдастырады деген сөз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы