Бүгiн 2026, 18:52 Фото: pixabay.com

Өзбекстанмен шекарада жүйедегі ақауға байланысты кептеліс пайда болды

Қазақстан жағындағы өткізу бекеті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Қазақстан ҰҚК Шекара қызметі «Қапланбек» өткізу пунктінде Өзбекстанға өтуді күтіп тұрған азаматтардың жиналып қалғанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, жағдай Өзбекстан жағындағы «Навои» өткізу бекетінде тіркеу жүйесінің жұмысында ақау пайда болуына байланысты туындаған.

Ал Қазақстан жағындағы өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Шекарадан өтуге ешқандай шектеу енгізілмеген.

Қазіргі уақытта екі елдің шекара қызметтері өзара байланыс орнатқан. Өзбекстан тарапының мәліметінше, техникалық ақауларды жою және өткізу бекетінің жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Азаматтарға сапарды жоспарлау кезінде қалыптасқан жағдайды ескеру ұсынылды.