Өзбекстандық мамандар Түркістандағы тарихи орындарды қайта жаңартуға атсалысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазқайтажаңарту" кәсіпорнының директоры Асылхан Садуов пен бас кеңесші Қанат Тұяқбаев Өзбекстан Республикасына арнайы іссапармен барып, бірқатар келіссөз жүргізді.
Түркістан қаласындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру аясында Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Madaniy meros ta’mirlash-tiklash" мемлекеттік кәсіпорны басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды тереңдету, ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру жобаларын әзірлеу, білікті мамандарды қамти отырып бірлесе жұмыс атқаруға бағытталған меморандумға түзілді.
Сондай-ақ, қайта қалпына келтіруге арналған кірпіштерді даярлайтын өндірістік базаларды аралаған қазақстандық делегаттар құрылыс жұмыстарына қатысты көптеген мәселелерді де талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасымен кездесті
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы