Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның хабарлауынша, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптама келісіміне сәйкес, ата-аналары немесе қараушылары рұқсат еткен жағдайда жасы 12-ден асқан балалар Pfizer вакцинасын ерікті түрде салдырта алады.
12-15 жас аралындағы балаларға өткізілген Pfizer вакцинасының клиникалық сынамалары жақсы нәтиже көрсетті. Осындай кеңесті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да беріп отыр, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, қыркүйектің ортасында елге Pfizer вакцинасының 1,2 миллион дозасы жеткізілді. Бұл препарат Өзбекстанда пайдалануға рұқсат етілген бесінші вакцина болып отыр.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда вакцина салу науқаны 1 сәуірден бастау алды. Вакциналау AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna және Pfizer препараттарымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні республикада 4 миллион адам толығымен вакцина алған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы