Өзбекстанда сырттай оқуға қабылдау тоқтатылады
Өзбекстанда 2025 жылдан бастап сырттай оқуға қабылдау тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Uznews хабарлауынша, сырттай оқып жүрген студенттер әдеттегідей оқуын жалғастырады.
Президент Шавкат Мирзиеевтің жарлығымен сырттай оқудың орнына баламалы білім беру жүйесі дамытылады. Мұндай оқу формасына қабылдау күндізгі оқуға қабылдаудың 50%-нан аспауы керек.
Баламалы білім беру үшін белгіленген квотадан асырып жіберу өрескел құқық бұзушылық болып саналады және білім беру мекемесінің лицензиясынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.
Сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық жоғары оқу орнында білім сапасын қадағалайтын арнайы бөлімдер құрылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады – Қазгидромет
Келесі жаңалық
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Өзгелердің жаңалығы