Өзбекстанда Спутник V вакцинасын сынақтан өткізу мерзімі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың соңы мен 2021 жылдың басында коронавирусқа қарсы ресейлік Спутник V вакцинасын клиникалық сынақтан өткізуді бастамақ.

Бұл туралы ведомство басшысы Абдухаким Хаджибаев мәлімдеді.

Қыркүйекте Ресейдің тікелей инвестициялар қоры өзбекстандық Laxisam фармацевтикалық компаниясымен келісімшарт жасасып, 2020-2021 жылы Өзбекстанға Спутник V вакцинасының 35 млн дозасын жеткізіп беру туралы келіскенін хабарлады. Кейіннен Laxisam өкілі республиканың реттеуші органдарымен өнімді жеткізуге қатысты келісім жасалып жатқанын айтты. 

Қордың келісімін алғаннан кейін осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында аталмыш вакцинаны клиникалық сынауға кірісеміз, - деді Хаджибаев.

Министрдің айтуынша, республиканың ДСМ-і қормен келіссөз барысында вакцинаның 500 дозасын сұратқан. Бұған дейін министрліктің баспасөз қызметі ресейлік қордан 5 мың доза вакцина сұратқаны хабарланған болатын.

Қытайлық серіктестер Өзбекстанға өзінің 6 мың дозасын жеткізіп берді, - деп қосты Хаджибаев.

Жақында Өзбекстанның санитариялық-эпидемиологиялық саласына жауапты агенттік өкілі өзбек пен ресей мамандары Спутник V вакцинасына қатысты келіссөздерді жүргізіп жатқанын, осы жылдың соңына дейін республикада аталмыш вакцинаның сынамасы әлі басталмайтынын айтты.

Бұған дейін агенттіктің бірінші орынбасары Ботиржон Курбанов 2021 жылдың маусым айына дейін республика халқының 60%-ы коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтылатынын атап өткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы