Өзбекстанда сайт арқылы бала сатуға тырысқан

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында белгісіз адамдар тегін хабарландыру сайтында үш жасар баланы сату туралы жарнама жариялап, қоғамда резонанс тудырды. Бұл туралы Балалар омбудсмені ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарнамада баланың "жақсы күтімді екені" және "көп тамақ ішпейтіні" жазылған. Баланың бағасы ретінде 150 мың өзбек сомы көрсетілген. Бұл сорақы хабарландыру көпшілік назарына іліккеннен кейін бірден жойылып, құқық қорғау органдары әрекетке көшті.

Баланың өмірі мен бостандығына қарсы мұндай қылмыстық әрекеттердің жолын кесу заң аясында қатаң және ымырасыз болуы керек!, - делінген омбудсменнің мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта полиция жарнама авторын анықтау және оқиғаның толық мән-жайын зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іс балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің ерекше бақылауына алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы