Өзбекстанда қалыңдықтар шеруі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 100-ден астам қалыңдық Ташкент көшелерімен жүріп, көпшілікті сәнді көйлектерімен тәнті етті.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Шара қоғамда отбасы құндылығын кеңінен насихаттауға бағытталған. Қалыңдықтарға орталық саябақта барынша жағдай жасалды. Әуезді ән, гүл шоқтары және арнайы дастархан жайылды.
Думанды кешке күйеу жігіттер де шақырылды. Заманауи той көйлектері көрсетіліп қана қоймады, жергілікті салт-дәстүрге сай тігілген киім үлгілері таныстырылды. Негізгі мақсат – елдегі отбасы институтын дамыту, дейді ұйымдастырушылар.
Фестивальге түрлі мемлекеттен меймандар келіп жатыр. Қалыңдықтар шеруі шаңырақ көтеріп, отбасын құрудың жұбайларға маңызды екенін түсіндіруді көздейді. Қыз балалардың өміріндегі ең әсерлі сәтке жай ғана қарауға болмайды. Ол біріншіден, өмір бойы есте қалатын қуаныш, екіншіден, аса жауапты қадам дер едім, - деді шара ұйымдастырушысы Адела Батыргареева.