Өзбекстанда көлік нөмірімен қоса сериясын да сатып алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда Өзбекстан Үкіметінің көлікке берілетін мемлекеттік нөмірдегі сандарды ғана емес, әріптерді де таңдауға мүмкіндік беретін қаулысы жарияланды. Vip-нөмір оңды-солды таратылмайды, оны ел азаматтары сатып алады, деп жазды kolesa.kz.

Бағасы 66,9 млн сумнан (2.8 млн теңге) басталып, 200 млн сумға (8.4 млн теңге) дейін барады.

Қазақстанда да қымбат нөмір алуға болады. Көлік тіркеу ережесінде олар бірнеше санатқа бөлінген. Бағасы 158 346 теңге мен 791 730 теңге аралығында. Біздің елдегі азаматтар тек дайын нөмірлер арасынан таңдау жасайды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы