Өзбекстанда халықтың 90%-ы жаңа Конституцияның жобасын қолдады
Өзбекстанда референдум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ОСК басшысы Зайниддин Низамхожаевтың мәліметінше, Өзбекстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдап, референдумда дауыс бергендердің саны 90,21 пайыз.
Спутник Өзбекстанның хабарлауынша, «қарсы» дауыс бергендер саны – 9,35%, сайлауға қатысқандар саны– 84,54%-ды құрады.
Өзбекстандағы референдумның алдын ала қорытындысы бойынша, референдумға сайлаушылардың 84,54 пайызы келді, 16 673 189 адам дауыс берді, - деді ОСК басшысы Зайниддин Низамхожаев брифингте.
Өзбекстанда 30 сәуірде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс беру өткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркия ДАИШ көшбасшысының көзін жойды
Өзгелердің жаңалығы