Өзбекстанда халық санағы басталды
Өзбекстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық санақ басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тәуелсіздік алғалы өткізіліп отырған тұңғыш науқан үстіміздегі жылдың шілде айына дейін жалғаспақ. Ал нақты нәтижесі 2027 жылы жарияланады. Санақ бірнеше кезеңге бөлінген. Тұрғындар қаңтар айының соңына дейін арнайы ашылған порталда анкета толтыруы тиіс. Ал ақпан айынан бастап санақшылар үйді-үйді аралап, адамдарды тіркеуге кіріседі.
Әділет министрлігінің мәліметінше, шетелде ұзақ уақыт яғни бір жылдан артық тұрып жатқан ел азаматтары санаққа ілікпейді.
Сондай-ақ науқан жүріп жатқан кезеңде туған нәрестелер де есепке алынбайды, – делінген ақпаратта.
Елдің статистика агенттігінің хабарлауынша бүгінде Өзбекстан халқының саны 38 млн-ға жеткен. Ал жалпыхалықтық санақ тұрғындардың мәртебесін анықтауға мүмкіндік бермек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Макрон: Еуропа АҚШ-тың баж салығына жауап береді
Өзгелердің жаңалығы