Бүгiн 2026, 08:45 Фото: Repost.uz

Өзбекстанда электромобиль иелеріне қуаттау шығынының бір бөлігі өтелуі мүмкін

Биылдан бастап жеке тұлғалар үшін электромобильдерді қуаттау шығындарын ішінара өтеу жүйесі іске қосылуы мүмкін. Егер қуаттау станцияларындағы 1 кВт/сағат электр энергиясының құны 300 сумнан (шамамен 12 теңге) асса, айырмашылықты мемлекет өтейді.

Өзбекстанда электромобиль иелерінің көлік қуаттауға жұмсайтын шығындарының бір бөлігін мемлекет есебінен өтеу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тиісті қаулы жобасын елдің Министрлер кабинеті қоғамдық талқылауға шығарды. Құжат "Өзбекстан – 2030" стратегиясын жүзеге асыру және Президент тапсырмаларын орындау аясында әзірленген.

Жобаға сәйкес, биылдан бастап жеке тұлғалар үшін электромобильдерді қуаттау шығындарын ішінара өтеу жүйесі іске қосылуы мүмкін. Егер қуаттау станцияларындағы 1 кВт/сағат электр энергиясының құны 300 сумнан (шамамен 12 теңге) асса, айырмашылықты мемлекет өтейді.

Өтемақы әр айдың 25-іне дейін электромобиль иелерінің банк карталарына Soliq мобильді қосымшасы арқылы аударылып отырады.

Сондай-ақ бұл төлемдерге салық салынбайтыны және азаматтардың қосымша табысы ретінде есептелмейтіні айтылған.