Өзбекстанда аптап ыстық сақталып тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері де Иран аймақтарынан Өзбекстаға өте ыстық және құрғақ ауаны келуі жалғасады. 

Бұл туралы Өзгидрометтің демалыс күндеріне арналған болжамында айтылды.

Бұл күндері температура климаттық нормадан 5-7 градусқа жоғарылайды. Ауа температурасы күндіз 40-45 градус ыстық болады. Ал оңтүстікте және шөлейт аймақтарда 47 градусқа дейін жетеді.

Түстен кейін күн өтуден сақтану үшін тікелей күннің астында жүрмеуге тырысыңыз. Өзіңізді күтіңіз, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Өзбекстанда төрт күн бойы /17-20 шілде аралығында/ нормадан тыс аптап ыстықтан 4 мыңнан астам адам ауруханаға түсіп, жедел жәрдемге жүгінгені хабарланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы