Бүгiн 2026, 19:25 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Өзбекстанда алимент төлемейтіндердің несие алу мүмкіндігі шектеледі

Өзбекстанда алимент бойынша борышкерлерге ірі мәмілелер жасасуға тыйым салынады. Сондай-ақ берешегі толық өтелгенге дейін несие алу, жекелеген қаржылық және мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндігі шектеледі.

2026 жылдың 1 мамырынан бастап Жарлыққа сәйкес, бұл шара балаларды және алимент тағайындалған өзге де тұлғаларды асырау бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтаратын борышкерлерге ықпал етуді күшейтуге бағытталған.

Кейбір жағдайларда, егер борышкер қайтыс болса, қайтыс болды деп танылса немесе хабар-ошарсыз кетті деп есептелсе, іс жүргізу мемлекеттік орындаушының шешімімен тоқтатылады.

Сонымен қатар, атқарушы құжаттардың кейбір санаттары бойынша өндіріп алушылар іс мәжбүрлеп орындатуға берілгенге дейін мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.

Жарлықта проблемалық несиелер бойынша атқарушы құжаттар негізінде туындаған міндеттемелерді өндіруге байланысты іс-қимылдарды орындау мамандандырылған мемлекеттік орындаушыларға жүктелетіні де қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Баварияда алимент төлеуден қашып, 3 жасар қызын уламақ болған әкенің соты басталғаны хабарланды.