Өзбекстанда әлеуметтік желілерге салынған тыйым алынды
Өзбекстанда Twitter, WeChat және Vkontakte әлеуметтік желілеріне салынған тыйым алынып тасталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралды ӨзА сайты жазды. Өзбекстанның Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің хабарлауынша, 1 тамыздан бастап елдегі Twitter, WeChat және Vkontakte әлеуметтік желілеріне салынған тыйым алынып тасталып, әлеуметтік желілерді кедергісіз пайдалану мүмкіндігі толығымен қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта TikTok платформасымен келіссөздер жалғасуда. Қысқа бейне таспаларға негізделген көңілашар әлеуметтік желіге қатысты келіссөз бойынша нәтиже қосымша хабарланатыны айтылған. Өзбекстан агенттігінің мәлімдемесінде «Блоктау тек дамуға зиян келтіреді», делінген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Смайылов вакцинация мен ревакцинацияны жандандыруды тапсырды
Өзгелердің жаңалығы