Өзбекстанда 15 бала ЖРВИ-ге қарсы дәріні ішкен соң қайтыс болды

Өзбекстанда 15 бала ЖРВИ-ге қарсы үндістандық препаратты қабылдаған соң қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті gazeta.uz басылымы таратқан деректерге сәйкес, сөз сироп пен таблетка түріндегі «Док-1 Макс» дәрісі туралы болып отыр.

Соңғы екі айда 21 пациент дәріні қабылдаған соң асқынуларға шағымданған. 

17 балада ауру өте ауыр өтті. Гемодиализдің бірнеше сеансын қолдануға тура келді. 15 өлім жағдайы тіркелді, - делінген Самарқан облыстық балалар медициналық орталығының директорының денсаулық сақтау басқармасына жазған хатында. 

Денсаулық сақтау министрлігі аталған хаттың шын екендігін растады.

22 желтоқсаннан бастап Өзбекстанда ол дәрінің сатылуына тыйым салынды. Комиссия жағдайды тексеріп жатыр.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы