Өзбекстан түркі академиясы халықаралық ұйымына бақылаушы мәртебесіне ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өткен Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті V отырысы барысында Өзбекстан Республикасы  халықаралық ұйымға ресми түрде бақылаушы мәртебесіне ие болды.

Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының ғимараты алдында Өзбекстанның мемлекеттік Туын салтанатты көтеру рәсімі өтті.

Түркі академиясының ғимаратында өткен ресми жиында ұйым президенті Дархан Қыдырәлі Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаевтан Өзбекстанның Мемлекеттік туын қабылдап алып, арнайы ту туғырға салтанатты көтеру рәсімін жасады. Осылайша түркі әлемінің ғылыми-интеллектуалды орталығы саналатын Түркі академиясы іргесін кеңейтіп, ғылыми интеграция  ауқымын жаңа белеске көтерді.

Еске салайық,  2019 жылдың  Түркі ынтымақтастық ұйымының (сол кездегі Түркі кеңесі) Баку қаласында өткен 8-ші Саммиттінде Өзбекстан ұйымға толыққанды мүше болып қабылданды. Осыған орай, ынтымақтыстық аясында Өзбекстан тарапы Түркі академиясына бақылаушы мемлекет мәртебесін алу үшін ресми өтінім берді. Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясына Түркі әлемінің елдерімен ынтымақтастық институттары арасында бақылаушы мәртебесіне өтініш қабылдаған алғашқы ұйым Мажарстан болған  еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы