Өзбекстан шахмат ойынын мектеп бағдарламасына енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елде шахмат ойынын дамыту бойынша 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Бағдарламаға сай 2, 3, 4-сынып оқушыларына шахмат міндетті түрде үйретілетін болады.

Биылдан бастап елдегі 150 мектепте шахмат тереңдетілген сабақ ретінде денешынықтыру пәнінің аясында оқытылады. 

Президент жарлығына сәйкес, министрліктерде, өзге де мекемелерде жылына кемінде екі рет "шахмат күні" өтетін болады. Бұдан бөлек, ауыл-аудандарда "шахматы отбасы" сайыстары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, құжатта 2025 жылға дейін Өзбекстанда шахымат ойнаушылардың саны жалпы халық санының 3 пайызын құрауы керектігі жазылған. Және спорт мектептерінде шахмат ойнайтын оқушылардың саны кемінде 10,5 мыңға жетуі керектігі айтылған.

Осы негізде алдағы 5 жылда шахмат клубтары мен мектептерінің саны 25-ке жететін болады.

Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы 20 шілдені Бүкіләлемдік шахмат күні деп жариялады. Бұл шешімге Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан секілді бірқатар елдердің бастамасы түрткі болды.

Шахмат – ең ежелгі интеллектуалды және мәдени ойындардың бірі саналады. Онда спорт, ғылыми ой және мәдениет элементтері ұштасқан. Осыны ескерген БҰҰ Бас ассамблеясының мүшелері бүкіл әлем елдеріне Әлемдік шахмат күнін «тиісті деңгейде» атап өтуді ұсынды. БҰҰ Бас ассамблеясы жаңа резолюциясының авторлары бүкіл әлем шахмат ойнайтынын ерекше атап өтті. Ол әділдікті, интеграция мен өзара сыйластықты көкке көтереді, халықтар мен мемлекеттер арасындағы төзімділік пен өзара түсіністік атмосферасының қалыптасуына ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы