Өзбекстан президенті Түркі даму банкін ашуды ұсынды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түркі мемлекеттерінің X саммитінде бірқатар ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркі кезеңі талқыланып жатқан бүгінгі саммитте мен бірқатар ұсыныс айтқым келеді. Ол ұсыныстар біздің ұзақмерзімді және жан-жақты ынтымақтастығымызды дамытуға бағытталған. Біздің мақсатымыз – өзара құрметті, сенімді, ашықтықты ұйым аясында дамытуды көздейді. Сол арқылы әртүрлі кедергілерді еңсеруге көмектеседі. Осы кезекте біз Түркі әлемінің қарарын қалыптастыруды ұсынамыз. Сол арқылы біз түркі халықтарының бірлігін нығайтуға, оның ежелгі тарихы мен құндылықтарына негізделуге шақырамын. Мен осы кезекте аталған қарарды ғалымдардың қатысуымен әзірлеуді ұсынамын, - деді ол.
Өзбекстан президенті саммитте қазір түркі инсвестициялық қоры жұмысын бастағанын атап өтті.
Өндірістік ынтымақтастықты нығайту мен ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру бойынша Түркі даму банкін қалыптастыру бойынша қадамдарды қарастыруымыз қажет. Біз осы қаржылық институтты Ташкентте қалыптастыруды ұсынамыз. Толықтай түркі мемлекеттерінің сауда-саттықты зерттеу ұйымының ұстанымын қолдаймыз. Аталған институттың жұмысын дұрыс жолға бағыттау бірқатар кедергіні алып тастауға мүмкіндік береді. Экспорт, импорттың көлемін арттыру мен электронды сауданың кедергілерін алып тастайды, - деді Шавкат Мирзиёев саммитте.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, саммит барысында Мирзиёев Қарабақ туралы айтып, тарихи әділеттілік орнағанын атап өтті.