Өзбекстан Президенті Құрмет белгісімен марапатталды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Саммит соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Консультативтік кездесудің төрағасы ретінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының атынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті Құрмет белгісімен марапаттады.

Еске салсақ, Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

Бұған дейін Тоқаев әлемдегі күрделі үдерістер жағдайында өңірлік ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету жөнінде ортақ ұстаным қалыптастыру маңызды деп санайтынын жеткізген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы