Өзбекстан президенті Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс жайлы пікір білдірді

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда ушығып жатқан жаһандық экономикалық дағдарыстарға қарамастан біз жүйелі жұмыстар атқарып жатырмыз. Біз халықаралық деңгейде ушығып жатқан жаһандық дағдарыстарға куәгер болып отыр. Жаһандық қауіпсіздікке деген қауіп-қатарлер, сонымен қатар халықаралық құқықтың бұзылуына куәміз. Бізді алаңдататын тағы бір мәселе – ол жалғасып жатқан Таяу Шығыстағы Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс, - деді ол.

Өзбекстан басшысы атап өткендей, әскери қақтығыстың нәтижесінде бейбіт халықтардың арасында көптеген адамның, әйелдердің, балалардың қаза болуына алып келіп жатыр.

Бұл қақтығыстың одан әрі ушығу қауіп-қатері пайда болды. Осы кезекте біз барлық тарапты қақтығысты тоқтатуға, атысты тоқтатуға, гуманитарлық мақсаттарды іске асыру үшін бейбітшілік орнатуға шақырамыз. Бұл мәселені әділетті шешудің жолы – ол БҰҰ-ның екі елге арналған қарарында көрсетілген басымдық. Палестина да өзінің тәуелсіздігін қалыптастыруға құқылы. Біздің ұйымымыздың аясында бүкіл әлемге өзіміздің бірлескен қағидатымызды, ұстанымымызды көрсетуіміз қажет, - деп атап өтті Шавкат Мирзиёев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, саммит барысында Мирзиёев Қарабақ туралы айтып, тарихи әділеттілік орнағанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы