Өзбекстан мен Ресей қандай маңызды келісімдерге келді?
Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте ауқымды келіссөздерге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ташкентте ауқымды келіссөздерге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ресей мен Өзбекстан делегациялары 20-дан астам келісімге, хаттамаларға және меморандумдарға қол қойды.
Не талқыланды?
Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, өткен жылдың соңында елдер арасындағы коммерциялық транзакциялардағы рубльдің үлесі 58 пайызға жеткен. Сондай-ақ келіссөз барысында халықаралық БҰҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да платформалар аясында тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығы айтылды. Ресейлік "Газпром" және "Лукойл" компанияларының Өзбекстандағы жаңа кен орындарын белсенді игеруі мәселесі де қозғалды.
Екі ел арасында қандай келісімдер жасалды?
- Елдер арасындағы тауар айналымының 30 млрд долларға дейін өсуі туралы;
- Өзбекстанға газ жеткізуді арттыру;
- Ресей Федерациясынан Өзбекстанға темір жол техникасын жеткізу туралы;
- Ресей Федерациясында Өзбекстан азаматтары үшін лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету туралы;
- Еңбек көші-қон саласындағы тәртіпті бірлесіп орнату туралы;
- Өзбекстанның көлдерінде екі жаңа электр станциясының құрылысы туралы;
- Өзбекстанның Ресей Федерациясында сауда өкілдігінің ашылуы туралы;
Қандай құжаттарға қол қойылды:
- Өзбекстан аумағында атом электр станцияларын салудағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Көлік машина жасау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Денсаулық сақтау және дәрілік заттарды реттеу туралы хаттамалар ;