Өзбекстан Қазақстанның талабына келіспеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өзбекстан «Орталық Азия» сауда-экономикалық орталығына қатысты позициясын өзгертіп жіберген. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

«Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық орталығы жобасын іске асыру мақсатында өзбек тарапымен оның орналасатын жері келісілді. Бүгінгі таңда біз жер телімін бөліп, инвестормен келіссөздер жүргізудеміз. Алайда өзбек тарапының позициясы өзгеруіне байланысты жобаны іске асыру процесі кешіктіріліп жатыр - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондықтан осыған орай Қазақстан тарапы жобаны іске асырудың қосымша нұсқаларын қарастырып жатыр екен.

Жалпы, бұл орталық Өзбекстанмен шекаралық сауданы «ағарту» және сауда инфрақұрылымын құру арқылы екі елдің арасындағы өзара сауда көлемін 10 млрд АҚШ долларға дейін ұлғайтуға ықпал етеді, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы