Өзбекстан екі мыңнан астам шенеунікті қысқартады, оларды ЖИ алмастырады

Цифрландыру және жасанды интеллектті (ЖИ) дамыту нәтижесінде 2025 жылдың 1 қарашасына дейін елде 2141 мемлекеттік қызметші қысқартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қол қойған тиісті жарлығы ұлттық заңнама базасында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, өзгерістер әртүрлі ведомстволарды қамтиды:

Ең көп қысқарту Мемлекеттік салық комитетінде – 498 қызмет орны;

Су шаруашылығы министрлігінде – 224;

Ауыл шаруашылығы министрлігінде – 200;

Әділет министрлігінде – 197;

Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінде – 176;

Жұмыспен қамту және кедейлікті азайту министрлігінде – 163 қызмет орны.

Мақсат – цифрландыру арқылы республикалық атқарушы органдарға жүктелген міндеттер мен функцияларды оңтайландырып, басқарушылық штат санын азайту, – деп жазылған құжатта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы