Бұдан былай өзбекстандық әкелер декреттік демалыс ала алады

Астана, BAQ.KZ.  Өзбекстан президенті 7 наурыз күні "Қыз-келіншектердің еңбек құқығы бойынша кепілдіктерді күшейту және әйелдердің іскерлігін қолдау" туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Азаттықтың өзбек редакциясы жазды.

Жаңа заң негізінде Өзбекстандағы әйелдердің ауыр жұмыс істеуіне тыйым салатын Мемлекеттік заңдағы 44 тармақ 1 мамырдан бастап күшін жоятындығы белгілі болды.

Елдегі Еңбек кодексінің 225-бабына сай жұмыс шарты ауыр және ыңғайсыз орындарда әйелдердің қызмет істеуіне тыйым салынған. Олардың қатарында кен қазу, мұнай және газ шығару, құрылыс, монтаж және т.б. ауыр жұмыс орындары атап көрсетілген 44 тармақ бар. Шавкат Мирзиёев қол қойған жаңа заң бойынша енді мұндай ауыр жұмыстарды қыз-келіншектер де істеуіне болады. 

Сонымен қатар, аталған заңда бала күтімі үшін ерлердің де үш айға демалыс алуына және бір айы ақылы демалыс болатындығы көрсетілген. Бұдан бөлек, екі жасқа толмаған баласы бар ата-аналарға жұмыс уақытында баласын тамақтандыру үшін бір мезгіл рұқсат беріледі. Баласын тамақтандыруға бару үшін жұмыстан қай кезде рұқсат алуға болатынын ата-ана мен жұмыс беруші өзара келіседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы