Өзбекстан covid-19-ға қарсы күрес бойынша іс-шараларды күшейтпек

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Өзбекстан covid-19-ға қарсы күрес бойынша іс-шараларды күшейтпек. Республикалық арнайы комиссия карантинді қатайту туралы шешім қабылдады. 

Атап айтқанда, қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік қашықтық пен жеке гигиена ережелерін сақтау бақыланады. Барлық ұйымдарда, ірі сауда орталықтарында, супермаркеттерде және ойын-сауық мекемелерінде келушілер дене температурасын өлшейді. 

Бірақ негізгі назар халықты толық вакцинациялауға және  ревакцинациялауға аударылды.  Мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер тек екпе алғаннан кейін ғана жұмысқа және оқуға жіберіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы