Өзбекстан басшысы шетелдік саяси партиялардың қызметіне тыйым салатын заңға қол қойды
Өзбекстанда енді шет мемлекеттердің саяси партиялары мен олардың бөлімшелерін құруға және олардың қызметін жүзеге асыруға болмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев тиісті өзгеріс енгізілген "Саяси партиялар туралы" заңына қол қойды.
Құжатта жазылғандай, Өзбекстанда партиялардың қызметін жетілдіру бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұл орайда, ел аумағында шетелдік партиялардың қызметін реттеу қажет екені көрсетілген.
Аталған "Саяси партиялар туралы" заңына енгізіліген өзгерістер шет мемлекеттердің саяси партиялары мен олардың бөлімшелерін құруға және олардың қызметін жүзеге асыруына жол бермеуге бағытталған, – деп жазылған заңның жаңа редакциясында.
Бүгінде Өзбекстанда ресми тіркелген 5 саяси партия жұмыс істейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы