Өзбекстан азаматы велосипед ұрлады деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сарыарқа» ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде велосипед ұрлаған 22 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тергеу барысында түнгі сағат бір шамасында ер адам Қосшығұлұлы көшесінде пайда іздеп жүргені анықталды. Ол үйлердің бірінің кіреберісінде құны 30 мың теңге тұратын "OSM" маркалы бекітілмеген велосипедті байқаған. Ол жақын маңда ешкім жоқ екенін пайдаланып, велосипедті ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен.     

Аталған фактіге байланысты "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.     

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сақ болуға, велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, ұрлыққа қарсы сапалы велоқұлыптарды пайдалануға сенімді түрде кеңес береді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы