Өзбекәлі Жәнібеков есімі берілетін ОҚМПУ-де этнограф ғалым атындағы орталық ашылған

Шымкент қаласында орналасқан іргелі оқу орны — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне этнограф ғалым, академик Өзбекәлі Жәнібектовтың есімі беріледі. Университетте «Өзбекәлі Жәнібеков орталығы» жұмыс істейді. Мұны ОҚМПУ ректорының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ләззат Жорабекова айтты, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін Астанадағы Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың төрағалығымен республикалық ономастика комиссиясының отырысына өтіп, еліміздегі 18 оқу орны мен Ақмола, Түркістан, Жетісу облыстарындағы 69 көшенің атауын қайта атау мәселесі қаралыпты.

Университетімізге академик, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф ғалым, тарихшы Өзбекәлі Жәнібектің есімін беру туралы шешімге қуанып отырмыз. Өзбекәлі Жәнібековтің өнегелі ісі, ұлттық руханиятымызды дамытуға қосқан теңдессіз үлесі — университетімізде педагог маман даярлауда бағдар алар шамшырақ іспеттес. Өзбекәлі Жәнібеков халық танымы, ұлттық тағылым, тарихи дәстүр мен мәдени мұрамызды жаңғыртуға өлшеусіз еңбек сіңірді, — дейді Ләззат Жорабекова.

Оның айтуынша, бұған дейін университетте «Өзбекәлі Жәнібеков орталығы» ашылған екен.

Қайраткер рухының тәлім-тәрбиеге қосар үлесін ескеріп, университетімізде «Өзбекәлі Жәнібеков орталығын» ашқанбыз. Бұл орталық біртуар тұлғаның этнографияға арналған арналған бай мұрасын зерттеу, ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетіміздің қалыптасу процессі мен дамуын ғылыми тұрғыдан дәйектеп-дәлелдеуге қызмет етіп жатыр, — деді Л. Жорабекова.

Айта кетейік,  бұған дейін 18 оқу орны мен 60-тан көше жаңа атауларға ие болады деген ақпарат берген болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ОҚМПУ әкімшілігі ұсынған
Өзгелердің жаңалығы